«Сөзтүзер» – бірегей жоба, мәдени шара және мемлекеттік тілді насихаттауға тағы бір қадам. Бұл, ең алдымен, еліміздің қазақтілді БАҚ журналистері мен редакторларына, сондай-ақ қазақ тілін білуін жаңа деңгейге көтергісі келетіндердің барлығына ұсынылады. Жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жүзеге асырылды. Кітапты шығарудағы мақсат – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді нығайту және дамыту. 6 ай бойы Қазақстан Республикасының үздік лингвистері, филологтары мен журналистері бірігіп сөздік жасауда. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қазақ тіліндегі жарияланымдары мен баяндамаларында жиі орын алатын типтік қателер талданып, анықталды. Сөздік құрастырушылар қателердің екі мыңнан астам нақты мысалдары мен оларды түзету нұсқаларын келтірді. Тек емле мен тыныс белгілерінің қателері ғана емес, сөйлемнің жасалу стилі де жан-жақты қарастырылады. Автор туралы: Жоба идеясының авторы – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев. Сөздік жұмысының жетекшісі – ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы. Баспагер туралы: «Зерде» баспасы – бизнес, экономика және қаржы, жеке тиімділік, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік авторлардың кең ауқымды қолданбалы публицистикалық және көркем әдебиеттері туралы кітаптарды басып шығаруға маманданған заманауи қазақстандық баспа. Компания нарыққа 2022 жылы шықты. «Зерде» баспасының негізгі мамандықтарының бірі – заманауи сарапшылардың кітаптарын жасау және насихаттау: баспа үйі кітап басып шығару және насихаттау қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Zerde Publishing – Қазақстандағы ең ірі Alpina Digital корпоративтік электронды кітапханасының эксклюзивті өкілі. «Зерде» баспасының жаңалықтарын веб-сайтта және әлеуметтік желілерде бақылай аласыз, сонымен қатар ақпараттық бюллетеньге жазыла аласыз.