Қосылу келісімшарты (Тапсырма келісімшарты)
Осы Қосылу келісімшарты (Тапсырма келісімшарты) бұдан әрі «Келісімшарт» немесе «осы Келісімшарт» деп аталумен, бұдан әрі «Сауда платформасы» деп аталатын «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (JMart) мен Келісімшартқа онымен көзделген тәртіппен және шарттармен қосылған 21 жасқа толған Сатып алушылардың(бұдан әрі бірге «Тараптар» деп, ал жеке-жеке «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей тәртіппен аталумен) арасында Сатып алушының Сайтта тапсырыс рәсімдеген Тауарларды жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасаудың шарттары мен тәртібін белгілеу мақсатында жасалды.
1. Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімшартта төмендегідей ұғымдар (терминдер, анықтамалар) қолданылады:
• Тапсырыс – Сатып алушының Сайтта тиісті түрде рәсімдеген Сатушыға арналғанТауарды (соның ішінде алкогольдік және темекі өнімдері) сатып алу туралы сұратуы немесе Тауарлардың тізімі.
• Курьерлік қызмет – Сауда платформасымен тартылған, 21 жасқа толған, Тауарды Сатушыдан алу және оны Сауда платформасы мен Сатып алушының арасында жасалған тапсырма келісімшарты негізінде Сатып алушыға тапсыру әрекеттерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
• Сайт - «JMart» ЖШС-ға (JMart) тиесілі Интернет-сайт, орналасқан мекенжайы: www.jmart.kz, Jmart мобильді қосымшасы, сондай-ақ «First Heartland Jẏsan Bank» АҚ мобильді қосымшасының Jmart бөлімі.
• Сатып алушы — Сайтта тапсырысты рәсімдеу арқылы Сатушыдан Тауарды сатып алуды көздеп отырған, 21 жасқа толған жеке тұлға.
• Сатушы – Тауарды Тапсырыстар арқылы сататын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
• Тауар — Сатушы сататын алкогольдік және темекі өнімдері.
• Сауда платформасы – «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («JMart»ЖШС), ол Сатушыларға Интернет арқылы Сатушылар мен Сатып алушылардың арасында байланыс орнату және мәміле жасасу үшін бағдарлама-техникалық мүмкіндіктерді ұсыну қызметтерін көрсетеді (сауда алаңшасын, атап айтқанда: Интернет желісінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін Интернет-дүкенді/Сайттыұсыну), сондай-ақ Банктің несиелік өнімдері туралы ақпаратты орналастырады.
* Келісімшарттағы терминдер мен анықтамалар бас әріппен, сондай-ақ кіші әріппен, кез келген текте, септікте және түрде көрсетілуі мүмкін.
2. Келісімшартқа қосылу тәртібі
2.1. Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабының ережелеріне сәйкес жасалатын қосылу келісімшарты болып табылады, оның шарттарынСатып алушы осы Келісімшартқа қосылу арқылы, жалпы алғанда Келісімшарттың осы бабында көрсетілген және осы Келісімшарттың шарттарын толық көлемде акцептеу деп бағаланатын әрекеттерді жасау арқылы қабылдауы мүмкін.
2.1.1. Сатып алушы осы Келісімшартқа Сайтта Тапсырыстың ақысын төлеу арқылы немесе Тауардың ақысын төлеу арқылы қосылады:
1) Тауардың ақысы Сатып алушының өз қаражатының есебінен төленген жағдайда Сайтта Тапсырысты рәсімдеу арқылы;
2) қосылу, егер Тауардың ақысы QR коды арқылы төленген болса, нақты ақысын төлеу сәтінде жүргізіледі;
3) Сатып алушы осы Келісімшартқа «Jusan QR» және әрі қарай, егер Тауар несиеге немесе бөліп төлеумен сатып алынса, «Несие» «Бөліп төлеу» әрекетін таңдау арқылы автоматты түрде қосылады.
2.2. Сатып алушының осы Келісімшартқа қосылуын растайтын әрекеттерді орындауы мынаны білдіреді:
2.2.1. шартқа қосылған адам Шарттың талаптарын ешқандай ескертулер менқарсылықтарсыз толық көлемде оқып, түсінді және қабылдады;
2.2.2. Шартта қосылған адам үшін ол өзінің ақылға қонымды түсінілетінмүдделеріне сүйене отырып, қабылдамайтын қандай да бір ауыртпалық тудыратыншарттар жоқ;
2.2.3. Қосылған адамдар, егер мұндай адам осы Келісімшарттың 2.2 тармағындакөзделген әрекеттерді жасаған болса, Келісімшартты оқымауының/түсінбеуінің/қабылдамауының дәлелі ретінде Келісімшартта оның қолтаңбасының жоқтығынасілтеме жасауға құқылы емес;
2.2.4. Келісімшарттың барлық ережелері Келісімшартқа қосылған тұлғаныңмүдделері мен ерік жігеріне толық сәйкес келеді;
2.2.5. Келісімшартты жасасу және оның талаптарын орындау ҚазақстанРеспубликасы заңнамасының және/немесе Келісімшартқа қосылған тұлғағақолданылатын заңнаманың кез келген ережесін бұзбайды және бұзылуына әкеп соқтырмайды.
2.3. Сатып алушының осы Келісімшартқа қосылғанын растайтын іс-әрекеттерді жасауыоның 21 (Жиырма бір) жасқа толғанын, әрекет қабілеттілігі шектелмегенін және сатыпалушы ретінде Тауарды (алкоголь және темекі өнімдерін) сатып алу-сату мәмілелерінжасауға барлық уәкілеттігі бар екенін растайды.
2.4. Келісімшартқа қосылған адам Келісімшарттың қандай да бір ережелерімен келіспегенжағдайда, аталған тұлғаның сайтты пайдалануға құқы жоқ. Егер курьерлік қызметкөзделген тәртіппен Келісімшартқа қандай да бір өзгерістер енгізіп және Келісімшартқақосылған адам мұндай өзгерістермен келіспей отырса, онда мұндай адам сайттыпайдалануды тоқтатуға міндетті.
3. Келісімшарттың нысанасы
3.1. Осы Келісімшарт бойынша Сауда платформасы курьерлік қызметтің ресурстарынпайдалану арқылы Сатып алушының атынан және оның есебінен мынадай іс-әрекеттержасауға міндеттенеді: Тауарды Сатушының сауда залы бар тұрғылықты үй-жайда қабылдауға және оны тапсырыс берген кезде Сатып алушы көрсеткен жерде Сатып алушыға беруге. Курьерлік қызмет оған берілген тапсырманы осы Келісімшарттакөрсетілген талаптарға сәйкес орындайды.
4. Жеткізу шарттары
4.1. Егер Сатып алушы тауарларды Сайт арқылы жеткізуге тапсырыс берсе, ТауарлардыКурьерлік қызмет Сатып алушыға сайттағы Сатып алушы растаған жерде береді. Сатыпалушы ұсынылған жеке куәлік деректерінің дұрыстығына, Сайтта тапсырыстарды жеткізубойынша дұрыс мекенжайлар мен нұсқаулықтарды ұсынуға айрықша жауапты болады.
4.2. Сатып алушы Сайтта көрсететін телефон нөмірі бойынша қоңырауларды қабылдауүшін қол жетімді болуы тиіс. Сатып алушы тапсырыста көрсетілген Тауарды алу үшінсайтта Сатып алушы таңдаған уақыт аралығында сайтта көрсетілген расталған орындаболуы тиіс. Егер Сатып алушы тапсырыс берілген Тауарларды жеткізген сәттен бастап бесминут ішінде ол растаған жерде қол жетімді болмаса және Сатып алушы Курьерлікқызметтің екі қоңырау шалуына жауап бермесе, онда бұл жағдайда Курьерлік қызметжеткізудің күшін жоя алады.
4.3. Тауарды жеткізу алкоголь өнімдерін өткізу үшін Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген уақыт кезеңдерінде ғана жүзеге асырылады, атап айтқандасағат 8 - ден 23-ке дейін, ал этил спиртінің көлемдік үлесі 30% - дан асатын тауарғақатысты - сағат 12-ден 21-ге дейін. Бұл ретте, егер Тапсырыс жоғарыда көрсетілгеналкоголь өнімін өткізу уақыты аяқталғанға дейін 2 (екі) сағаттан аз уақыт бұрынресімделген жағдайда, Курьерлік қызмет тауарды келесі күні алкоголь өнімдерін өткізуүшін белгіленген уақытта жеткізуге құқылы.
4.4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салынған. Курьерлік қызмет Сатып алушының жеке куәлігін, төлқұжатын не жасын куәландыратын өзге де құжатты көрсетудіталап етуге құқылы және Сатып алушы мұндай құжаттарды көрсетуден бас тартып немесеСатып алушының жеке басының және/немесе жасының Тауарды сатып алу туралызаңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда Сатып алушыға Тапсырысты беруден бас тартуға құқылы.
4.5. Курьерлік қызметтің сыйақысы Тапсырыстың құнында қамтылған.
5. Тараптардың жауапкершілік аймағы
5.1. Сатып алушы мен Сатушы арасында жасалған Тауарды сатып алу-сату мәмілесінентуындайтын құқықтар мен міндеттер тікелей Сатып алушы мен Сатушыда туындайды.
5.2. Сауда платформасы, оның ішінде өзінің Курьерлік қызметі атынан Сатушы сататынтауардың сапасы үшін жауап бермейді. Тауарды қабылдау кезінде Сатып алушы өзтапсырысының бар-жоғын және толықтығын өз бетінше тексереді және сәйкессіздіктеранықталған жағдайда Тауарды беру орнында және сәтінде мәселені шешу үшін бұлтуралы Сатушыға дереу хабарлауға міндетті. Сатушы Сатып алушылармен Тауардыңсапасына, санына және толықтығына қатысты, сондай-ақ Сатушының Тауарды тиісіншеөткізуіне байланысты өзге де міндеттемелерді орындауына қатысты кез келген шағымдармен дауларды шешуге барлық ықтимал шараларды өз бетінше қабылдайды.
6. Өзге шарттар
6.1. Келісімшарт Сатып алушы үшін оның 2.2 тармағында көзделген тәртіппен орын алған қосылу сәтінде күшіне енеді.
6.2. Курьерлік қызмет кез келген уақытта өз қалауы бойынша (біржақты тәртіппен) осыКелісімшартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге құқылы. Өзгертілген /толықтырылған Келісімшарттың мәтіні Сайтта орналастырылады және осындайорналастыру сәтінде күшіне енеді.
6.3. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімшарттың бір немесе бірнеше ережелеріжарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімшарттың қалған ережелерініңжарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
6.4. Осы Келісімшарт бойынша кез келген дауларды және/немесе келіспеушіліктердіТараптар келіссөздер арқылы шешеді. Келіссөздер жүргізу мүмкін болмаған не дауларды,қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған кезде олар Сауда платформасының орналасқан жері бойынша сотта ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.
6.5. Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеліп және пайымдалады.