Главная

Каталог

Корзина

Мои заказы

Меню

Магазин

Каталог

Избранное

Шымкент

Оферта

Алкоголь өнімдеріне тапсырыс беру кезінде Сайтты пайдалану мәселелері бойынша қосылу келісімшарты (Сауда платформасының офертасы) 

Осы Қосылу келісімшарты (Сауда платформасының офертасы), бұдан әрі «Келісімшарт» немесе «Келісімшарт» деп аталумен, бұдан әрі «Сауда платформасы» деп аталатын  «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен мен Келісімшартқа онымен көзделген тәртіппен және шарттармен қосылған 21 жасқа толған Сатып алушылардың және Сатушылардың арасында, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп, ал жеке-жеке «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей тәртіппен аталумен, Тараптардың Сайтты пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауының шарттары мен тәртібін белгілеу, сондай-ақ Сатып алушылардың Сайтта Тапсырыстарды рәсімдеу арқылы Тауарларды сатып алу кезіндегі жауапкершілік аймағын белгілеу бойынша мақсатында жасалды.

1. Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімшартта төмендегідей ұғымдар (терминдер, анықтамалар) қолданылады:

Банк – «First Heartland Jusan Bank» акционерлік қоғамы.
Биометриялық аутентификаттау – Сатып алушыны Биометриялық деректердің негізінде анықтайтын шаралар кешені;
Биометриялық деректер - дербес деректер субъектісінің физиологиялық және биологиялықерекшеліктерін сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде оның жеке басын анықтауға болады;
Банктік қарыз келісімшарты – Банк пен Сатып алушы арасында жасалатын келісімшарт,оған сәйкес Банк Сатып алушыға Тауарды сатып алуға төлемдік, оралымдылық жәнеқайтарымдылық шарттарымен қарыз береді.
Қарыз ақша – Сатып алушының Сайтта Сатушыдан Тауарды сатып алуы мақсатындатөлемдік, оралымдылық және қайтарымдылық шарттарымен Банктік қарыз шартыбойынша Банктің Сатып алушыға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындаберетін ақшасы.
Тапсырыс - Сатып алушының Интернет-дүкенде не банктің мобильді қосымшасында, оныңішінде төлем құралдарын пайдалана отырып ресімделген Тауарды немесе Тауарлартізбесін сатып алуға Сатушыға сұрау салуы.
Интернет-дүкен/Сайт – www.jmart.kzwww.jusan.kz/shop мекенжайы бойынша орналасқан Сауда платформасына тиесілі Интернет-сайт, сондай-ақ Банктің мобильді қосымшасындағы Jusan Дүкен бөлімі.  
Несие лимиті – Сатып алушыға Несие карточкасының өнімі шеңберінде тауарлардың/қызметтердің ақысын бөліп төлеу үшін берілуі мүмкін қарыз қаражатының шекті сомасы.
Тауарлардың/қызметтердің ақысын бөліп төлеуге арналған несие карточкасы – Сатып алушыға Банктің Банк пен Сатып алушы арасында жасалған келісімшарттың шарттарымен берген қарыз есебінен және Сатып алушының өз қаражаты есебінен бөліп төлеумен сатып алуды, төлемдерді және (немесе) аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндікберетін төлем карточкасы.
Жеке тұлғаға банктік қызмет көрсетудің кешендік келісімшарты – ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жеке тұлғалар үшінБанкте қызметтер мен өнімдерді ұсынудың стандарттық талаптарын айқындайтын, сондай-ақ Сатып алушы мен Банктің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, сондай-ақ Банк пен Сатып алушы арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерінбелгілейтін Сатып алушы мен Банк арасында жасалатын келісімшарт.     
Сатушының офертасы – Сатушы сататын Тауарларды сату, жеткізу және қайтарушарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тауарды сатып алу-сату мәмілесін жасасу жәнеорындау үшін маңызды болып табылатын өзге де ақпаратты қамтитын Сатушыныңұсынысы. Сатушының офертасы Тауарды сипаттайтын Интернет-дүкен бетіндеорналастырылған сілтеме бойынша қолжетімді немесе оны Тауарды сатып алу-сатумәмілесі жасалғанға дейін Сатушы Сатып алушының назарына жеткізуі тиіс.
Сатып алушы – Сауда платформасының аспаптарын қолдану және Тапсырысты рәсімдеу арқылы Сатушыдан Тауарды сатып алуды көздеп отырған жеке тұлға.           
Сатушы – Тауарды Тапсырыстар арқылы сататын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.      
Сауда платформасы – «Jusan Mart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («JMart» ЖШС), ол Сатушыларға Интернет арқылы Сатушылар мен Сатып алушылардың арасында байланыс орнату және мәміле жасасу үшін бағдарлама-техникалық мүмкіндіктерді ұсыну қызметтерін көрсетеді (сауда алаңшасын, атап айтқанда: Интернет желісінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін Интернет-дүкенді/Сайтты  ұсыну), сондай-ақ Банктің несиелік өнімдері туралы ақпаратты орналастырады.
QR-код – визуалды машинада оқылатын штрих-кодтарды пайдалана отырып, серіктестісәйкестендіруге, тауарға/қызметке ақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технология.
Тауар – Сатушы сататын алкогольдік өнімдер.
Бонус – Сауда платформасын қолданумен Сатушылардан Тауарлар мен Қызметтерді сатыпалу үшін пайдаланылатын Сауда платформасы шығаратын Сатып алушыларға арналғанадалдық бағдарламасы. Бонустар Сатып алудың ақысын «First Heartland Jusan Bank» АҚ банк картасымен төлеген, сатып алудың ақысын несиеге немесе бөліп төлеумен несиеге/бөліп төлеумен төлеген Сатып алушыларға ғана есептеледі. Ақы төлеу QR код арқылы немесе егер Тауар несиеге немесе бөліп төлеумен QR код арқылы сатып алынған кезде «Несие» «Бөліп төлеу» әрекетін таңдаумен жүргізілген тапсырыстар бойынша мұндай сатып алуға Бонус қолданылмайды.

* Келісімшарттағы терминдер мен анықтамалар бас әріппен, сондай-ақ кіші әріппен, кез келген текте, септікте және түрде көрсетілуі мүмкін.

2. Келісімшартқа қосылу тәртібі
2.1. Осы Келісімшарт  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабының ережелеріне сәйкес жасалатын қосылу келісімшарты болып табылады, оның шарттарын Сатып алушы осы Келісімшартқа қосылу арқылы, жалпы алғанда Келісімшарттың осы бабында көрсетілген және осы Келісімшарттың шарттарын толық көлемде акцептеу деп бағаланатын әрекеттерді жасау арқылы қабылдауы мүмкін.

2.2. Сатып алушы осы Келісімшартқа Сауда платформасымен қызмет көрсету келісімшартын жасасу арқылы қосылады.

2.3. Сатып алушы осы Келісімшартқа келесі түрде қосылады:

1) егер Тауардың ақысы Сатып алушының меншікті қаражатынан немесе егер Тауар несиеге немесе бөліп төлеумен сатып алынса, «Несие» «Бөліп төлеу» әрекетін таңдаумен төленген жағдайда Тапсырысты Сайтта орналастыру арқылы.

2)  егер Тауардың ақысы QR код арқылы немесе егер Тауар несиеге немесе бөліп төлеумен QR код арқылы сатып алынса, «Несие» «Бөліп төлеу» әрекетін таңдаумен, қосылу нақты ақысын төлеу сәтінде жүзеге асырылады.

 2.4. Сатушы мен Сатып алушының осы Келісімшартқа қосылуды растайтын әрекеттерді жасауы мынаны куәландырады:

2.4.1. Келісімшартқа қосылған адам Келісімшарттың талаптарын ешқандай ескертулер менқарсылықтарсыз толық көлемде оқып, түсінді және қабылдады;

2.4.2. Келісімартта қосылған адам үшін қандай да бір ауыртпалық тудыратын, ол өзінің ақылға қонымды мүдделеріне сүйене отырып, қабылдамайтындай шарттар жоқ;

2.4.3. Қосылған адамдар, егер мұндай адам осы Келісімшарттың 2.2, 2.3. тармақтарындакөзделген әрекеттерді жасаған болса, оның Келісімшартты оқымағанының/түсінбегенінің/қабылдамағанының дәлелі ретінде Келісімшартта оның қолтаңбасының жоқтығына сілтемежасауға құқылы емес;

2.4.4. Келісімшарттың барлық ережелері Келісімшартқа қосылған тұлғаның мүдделері менерік жігеріне толық сәйкес келеді;

2.4.5. Келісімшартты жасасу және оның талаптарын орындау шартқа қосылған тұлғаның құрылтай және өзге де құжаттарын және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының және/немесе Келісімшартқа қосылған тұлғаға қолданылатын заңнаманың кез келген ережесінбұзбайды және бұзылуына әкеп соқтырмайды.

2.5. Сатып алушының осы Келісімшартқа қосылғанын растайтын әрекеттерді жасауы оның 21(Жиырма бір) жасқа толғанын, әрекетке қабілетті шектелмегенін және сатып алушы ретіндеТауарды (алкоголь өнімдерін) сатып алу-сату мәмілелерін жасауға барлық уәкілеттігі барекенін растайды.

2.6. Сатушының осы Шартқа қосылғанын растайтын әрекеттерді жасауы оның сатушы ретіндеТауарды сақтауға және өткізуге барлық қажетті лицензиялары және/немесе өзге де рұқсатқұжаттары бар екенін, сондай-ақ Тауарды сақтауға және өткізуге қатысты ҚазақстанРеспубликасы заңнамасының барлық талаптарын сақтайтынын және Тауарды (алкогольөнімерін) сатып алу-сату мәмілелерін жасауға барлық уәкілеттіктері бар екендігін растайды.

2.7. Келісімшартқа қосылған адам Келісімшарттың қандай да бір ережелерімен келіспегенжағдайда, аталған тұлға сайтты пайдалануға құқылы емес. Сауда платформасы Келісімшартқаөзі көздеген тәртіппен, Келісімшартқа қосылған адам өздерімен келіспей отырған қандай дабір өзгерістерді енгізген жағдайда мұндай адам сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.

3. Келісімшарттың нысанасы
3.1. Сауда платформасы Сатушылар мен Сатып алушылар арасында байланыс орнату жәнемәмілелер жасау мүмкіндігін жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде Сатушылардың тауарлартуралы ақпаратты орналастыруы, Сатып алушылардың Тауарды Сатушыдан сауда залы бартұрғылықты үй-жайда сатып алуға Тапсырыстарды ресімдеуі арқылы сайттың жұмыс істеуінқамтамасыз етеді. Сайттағы, оның кез-келген бөлімдеріндегі Тауар туралы ақпарат текақпараттық мақсатқа ие және жарнама болып табылмайды.

3.2. Сатып алушы Тапсырысты ресімдеп, Тауар ақысын төлей отырып, Сатып алушының банкшотынан төлем қабылдауды және Сатушының банк шотына қаражат аударуды Банк (есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық - технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасызету бойынша қызметтер көрсету жолымен) жүргізетінімен келіседі. Сатып алушының Тауардың аықысын төлеуге келісімін растайтын Сайттағы әрекеттері Банкке Сатып алушының банк шотынан ақысы төленіп отырған Тауарды Сатушының банктік шотына ақша қабылдауғажәне аударуға тапсырма ретінде бағаланады. Тауардың ақысын төлеуге арналған тапсырма Тапсырысты рәсімдеген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн бойы жарамды.

3.3. Банк Сатып алушыға қарыз беру және онымен Банктік қарыз шартын жасасу туралышешім қабылдаған жағдайда, Тауардың ақысы Қарыз қаражаты есебінен төленуі мүмкін.Сатып алушы мен Банк арасындағы қарызды беру және қайтару тәртібіне байланыстықатынастар Банктік қарыз шартымен реттеледі. Банктік қарыз шарты Сатып алушы қажеттіқұжаттар жинағын Банк бөлімшесіне (құрылымдық бөлімшесіне) немесе Банк ұсынған сервисарқылы онлайн ұсынғаннан кейін жасалады.

3.4. Тауардың ақысын Сатып алушы Несие лимиті қаражаты есебінен де төлей алады. Сатыпалушы мен Банк арасындағы Несие лимиті бойынша төлеу тәртібіне байланысты қатынастар Сатып алушы Банк бөлімшесіне (құрылымдық бөлімшесіне) немесе Банк ұсынған сервисарқылы онлайн режимінде қажетті құжаттар жинағын ұсынғаннан кейін жасалатын Жекетұлғаға банктік қызмет көрсетудің кешенді шартымен реттеледі.

3.5. Сатушы Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеген кезде Тауарды сатып алу-сату мәмілесініңжасалғанын растау жөніндегі әрекеттерді, оның ішінде Сайтта тиісті мәртебесін көрсетуарқылы жүзеге асырады, сондай-ақ осындай мәмілені тиісінше орындау бойынша барлыққажетті әрекеттерді орындайды. Сатушы Тауарды алкоголь өнімдерін сату үшін ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген уақыт кезеңдерінде ғана, атап айтқанда сағат 8 - ден 23-ке дейін, ал этил спиртінің көлемдік үлесі 30% - дан асатын тауарға қатысты-сағат12-ден 21-ге дейін сатады. Бұл ретте, Тапсырыс жоғарыда көрсетілген алкоголь өнімдерін сатууақыты аяқталғанға дейін 2 (екі) сағаттан аз уақыт бұрын рәсімделген жағдайда Курьерлікқызмет Тауарды келесі күні алкоголь өнімдерін сату үшін белгіленген уақытта жеткізугеқұқылы.

4. Тараптардың жауапкершілік аймағы
4.1. Сауда платформасы Сатушының офертасының мазмұнына, Тауардың сапасына жәнеТапсырыстың толықтығына жауап бермейді. Сауда платформасы Сатушы берген мәліметтергесәйкес Сайтта орналастырылған Тауардың суреттемесі мен оның сипаттамалары үшін жауапбермейді. Көрсетілген жағдайлардың барлығында жауапкершілік толығымен Сатушығажүктеледі. Сайттағы, оның кез-келген бөлімдеріндегі Тауар туралы ақпарат тек ақпараттықмақсатқа ие және жарнама болып табылмайды.

4.2. Сайттағы, оның кез келген бөлімдеріндегі барлық мәліметтер мен деректер, оның ішіндебағалар, сипаттамалар, Тауардың болуы туралы ақпарат, Сатушылардан тауарларды таңдаужәне сатып алу, Қарызды ресімдеу туралы ақпарат ақпараттық мақсатқа ие және Саудаплатформасы ұсынған жария оферта болып табылмайды. Сауда платформасы, соның ішіндеСайтты пайдалану арқылы жіберілетін кез келген хабарламалар қандай да бір мәмілелердіжасасу үшін оферта/акцепт/негіз немесе Сауда платформасы мен қандай да бір тұлғаарасындағы мәмілелердің жасалуын растайтын факт болып табылмайды. Сауда платформасыСайтта ең дәл және өзекті ақпаратты қамтамасыз етуге тырысады, бірақ соған қарамастан Сатып алушылар және/немесе Сатушылар тек сайтта орналастырылған ақпарат негізіндеқабылдаған шешімдердің нәтижесінде туындаған шығындар, залалдар немесе шығыстар үшін жауап бермейді.

Сауда платформасы Тапсырысты рәсімдеуден себебін көрсетусіз бас тартуға құқылы.

4.3. Сауда платформасы Сайтта орналастырылған кез келген ақпаратты, сондай-ақ осы қосылутуралы келісімшартын алдын ала ескертусіз кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгертугеқұқылы. Осы тармақпен Сауда платформасы пікірлерді жариялау және / немесе жарияламаутуралы шешім қабылдауға құқылы, ал Сатып алушы өзі орналастыратын пікірге қатыстыСауда платформасының кез келген шешімін біледі және қабылдайды.

4.4. Сатып алушы Тауарды Сатушының сауда залы бар тұрғылықты үй-жайда өзі немесетапсырма шартының талаптары бойынша Сатып алушының атынан және оның мүддесі үшін әрекет ететін Курьерлік қызмет арқылы қабылдайды. Сауда платформасы үшінші тұлғалардыңСатып алушы және/немесе Сатушы алдындағы міндеттемелерін орындамағаны және / немесетиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді.

4.4.1. Тапсырысты Курьерлік қызмет қалаға немесе Сатып алушы тапсырысты алу үшін көрсеткен өзге бекетке жеткізген жағдайда және Сатып алушы Тапсырысты Тапсырыс жеткізілген қалада немесе өзге бекетте орналасқан Курьерлік қызмет өкілінің орналасқан жерібойынша өз бетінше алу ниетін білдірсе, онда Курьерлік қызмет жеткізуді тиісінше орындағанболып есептеледі.  

Бұл шарт Тапсырыс беру кезінде Сатып алушы көрсеткен нақты мекен-жайға (көше, үй)тапсырыстың жеткізілуіне байланысты емес. 

Тапсырысты алу үшін Сатып алушы көрсеткен қалаға немесе басқа бекетке жеткізу жеткізудіКурьерлік қызмет орындаған деп санау үшін жеткілікті жағдай болып саналады. Курьерлікқызмет көрсетудің құны қайтаруға жатпайды.

4.5. Сауда платформасы Сатушы сататын Тауардың сапасына жауап бермейді. Тауардықабылдау кезінде Сатып алушы өз Тапсырысының бар-жоғын және толықтығын өзі тексередіжәне сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Тауардың берілетін жерінде және оның берілу сәтінде мәселені шешу үшін бұл туралы Сатушыға дереу хабарлауға міндетті. Сатушы Сатып алушылармен Тауардың сапасына, санына және толықтығына қатысты, сондай-ақ СатушыныңТауарды тиісінше өткізуге байланысты өзге де міндеттемелерді орындауына қатысты кез келген шағымдар мен дауларды шешу үшін барлық ықтимал шараларды өз бетінше қабылдауытиіс.

4.6. Сатушы мен Сатып алушы арасындағы кез келген ілеспе қызметтерді көрсету, Тауарлардыайырбастау, Тауарларды қайтару жөніндегі өзара қарым-қатынастарды Сатушы мен Сатыпалушы өз бетінше реттйді. Сауда платформасы Сатушының осы тармақта көрсетілген Сатыпалушы және/немесе өзге де үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындамағаны және/ немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

4.7. Сатып алушы Тауардың ақысын төлеу үшін жеткілікті ақшалай қаражаттың болуы үшін және/немесе Сатып алушының Банкпен жасасқан Банктік қарыз шарты және/немесе Жекетұлғаға банктік қызмет көрсетудің кешенді шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін өзі жауапты болады. Сауда платформасы Сатып алушыда Тауардың ақысын төлеуге және/немесе қарыз және/немесе кредиттік лимит бойынша берешекті өтеуге қаражаттың жетіспеужағдайлары үшін жауап бермейді.

4.8. Сайтта тіркелу кезінде Сатып алушы ұсынатын ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығынаСатып алушы жауапты болады. Тапсырыс беру кезінде Сатып алушы жеке басына, жасынажәне Сатып алушымен байланыс тәсілдеріне қатысты сенімді деректерді ұсынуы керек. Сатыпалушы дұрыс емес деректерді көрсеткен жағдайда Сатып алушы Тапсырысты орындамау нетиісінше орындамау тәуекелін қоса алғанда, барлық тәуекелдерді өзіне алады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салынған. Курьерлік қызмет Сатып алушының жеке куәлігін, төлқұжатын не жасын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуді талап етуге құқылыжәне Сатып алушы мұндай құжаттарды көрсетуден бас тартып немесе Сатып алушының жекебасының және/немесе жасының Тауарды сатып алу туралы заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда Сатып алушыға Тапсырысты беруден бас тартуға құқылы.

4.9. Сауда платформасы Сайттың дұрыс жұмыс істеуін қолдайды, техникалық ақаулар менүзілістер болған жағдайда оның жұмыс қабілетін тез қалпына келтіреді. Алайда, Саудаплатформасы Сайттың үздіксіз жұмыс істеуіне және жұмыста үзілістер болған жағдайдасайттың жұмыс қабілетін қалпына келтірудің кез-келген мерзімін сақтауға кепілдік бермейді.Сауда платформасы Сайттың Сатып алушылардың талаптары мен үміттенулеріне сәйкесболып отырғанына/сәйкес болатынына және Сайттың функционалы үздіксіз, жылдам, сенімдіжәне қатесіз ұсынылатынына кепілдік бермейді. Сауда платформасы Сатып алушыға сапалысервисті қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде Сайттың жұмысындағы техникалықүзілістер кезінде қажетті шараларды қабылдайды. Жүйенің барлық техникалық ақаулары менқателері туралы Сайтты қолдау қызметінің электрондық поштасы арқылы info@jmart.kzнемесе WhatsApp +7 700 990 77 11 нөмірі бойынша хабарлануы тиіс.

4.10. Сауда платформасы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістер, зиянды бағдарламалардың әрекеттері, сондай-ақ Сауда платформасының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне рұқсатсыз кіруге және/немесе істен шығаруға бағытталғанүшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттері салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны нетиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді. Сауда платформасы Сатып алушының Сайттынемесе оның жеке функционалын пайдалануы салдарынан туындаған кез-келген шығындарүшін жауап бермейді.

4.11. Тараптар Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісіншеорындамағаны үшін жауапкершіліктен, егер мұндай орындамау Келісімшарттың қолданылу уақытында өздерін Тарап ақылға қонымды шаралармен не болжай алмаған, не алдын-ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалардың (форс-мажор) нәтижесінде туындаған еңсерілмейтінкүш мән-жайларының салдары болып табылса, босатылады.

4.11.1. Форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы және тоқтатылуы туралы осы мән-жайларға байланысты міндеттемелерді орындамай отырған Тарап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мұндаймән-жайлардың басталуы және тоқтатылуы туралы басқа Тараптарға бұқаралық ақпаратқұралдарында форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы мен күшінде болуы туралы кеңіненхабарлануға байланысты олар Тараптарға белгілі болған жағдайларды қоспағанда, жазбашахабарлауға міндетті. Тараптардың бірінен осындай хабарлама алған Сауда платформасы қажетболған жағдайда Сайтта ақпаратты орналастыру арқылы басқа Тараптарды хабардар етуге міндеттенеді.

4.11.2. Қазақстан Республикасының құзыретті органдары беретін құжаттар форс-мажорлықмән-жайлардың болуы мен ұзақтығының дәлелі бола алады.

4.11.3. Осы Келісімшарттың 4.10 тармағында көрсетілген мән-жайларға сілтеме жасап отырған және осы Келісімшарттың 4.10.1 тармақшасында көзделген екінші Тарапты хабардар ету туралы міндеттеме орындамаған Тараптың осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінорындамаған, толық немесе тиісінше орындамаған жағдайда көрсетілген мән-жайларға сілтеме жасауға құқы жоқ.

4.11.4. Осы Келісімшарттың 4.10 тармағында көрсетілген мән-жайлардың күші тоқтатылғаннан кейін Тараптар осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.

4.12. Сатып алушы және/немесе Сатушы Сайтты пайдалану, Сайтты пайдаланудың, осыКелісімшартты орындаудың нәтижесінде жасалған Тауар(лар)ды сатып алу-сату мәмілесін(мәмілелерін) орындау барысында қандай да бір алаяқтық операцияларға және/немесеалаяқтық сипаттағы әрекеттерге жол берген жағдайда, Сатып алушы және/немесе СатушыСауда платформасында көрсетілген мерзімде Сауда платформасына Келісімшарттың осытармағында көрсетілген операциялармен/әрекеттермен келтірілген залалды өтейді.

4.13. Сатушы өзінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауы зияткерлік меншікқұқықтарын қорғау саласындағы ешкімнің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынынмәлімдейді және оған кепілдік береді. Сатушы сондай-ақ Тауарларды сатуға, Саудаплатформасына Тауарлар Сайтта қойылатын тауар белгілері мен атауларын пайдалануқұқығын беруге, сондай-ақ Тауарларды Сайтта тиісті тауар белгілері мен атауларыменкөрсетуге барлық қажетті рұқсаттары мен уәкілеттіктері бар екенін мәлімдейді және оғанкепілдік береді. Сатушы Сатушы мен Тауар өндірушілер, тауар таңбаларының және өзге де зияткерлік меншік объектілерінің құқық иелері арасындағы қатынастарға байланыстытуындауы мүмкін шағымдар, талап-арыздар, сот талқылаулары бойынша (Сауда платформасынқандай да бір тартусыз) өзі жауапты болады.

4.14. Сауда платформасы егер Сатушы және/немесе Сатып алушы Сауда платформасына дұрысемес мәліметтер берген немесе Сауда платформасының пікірі бойынша кез келгенартықшылықтарды және/немесе көтермелеулерді теріс пайдаланған не осы Келісімшарттыңталаптарын сақтамаған не алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда Сатушыны және/немесе Сатып алушыны өзінің Сатушылары мен Сатып алушылары тізімінен алып тастауға, есептелуге жататын Бонустардың күшін жоюға құқылы.

5. Тауарларды қайтару және айырбастау 
5.1. Тауар Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда қайтарылуы тиіс.

5.2. Сатушы Сатып алушыға оның Тапсырысына толық сәйкес келетін, сапасы Сатып алушыға ұсынылған ақпаратқа, сондай-ақ Тауарларды беру кезінде оның назарына жеткізілгенақпаратқа (Тауарларға немесе олардың қаптамасына бекітілген затбелгіде немесе жапсырмада)сәйкес келетін Тауарды беруге міндетті.

5.3. Тауарды алған кезде Сатып алушы алынған Тауардың Тапсырысқа сәйкестігін, Тауардыалған сәтте жеткізілген Тауардың сыртқы түрін тексереді. Сапасыз Тауарды алған не алынғанТауар тапсырыс берілгенге сәйкес келмеген жағдайда, Сатып алушы мұндай Тауардықайтаруды және Сатып алушыға Тапсырысқа сәйкес және тиісті сападағы Тауарды күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде беруді талап етуге құқылы.

5.4. Егер Тауар бойынша шағымдар Тауарды Курьерлік қызмет бергеннен кейін ұсынылса,онда Тауар бойынша шағымдарды Сатып алушы Сатушыға сауда платформасыныңқатысуынсыз жібереді.  

5.5. Сатып алушы тапсырыс нақты жеткізілгенге дейін одан бас тартуға және оның күшін жоюға құқылы. Сатып алушы сапасыз тауар сатылған жағдайда ғана тауарды қайтаруғақұқылы.  

Тауарды алған кезде Сатып алушы курьердің көзінше өнімнің сапасы мен сәйкестігін, Тауардыалған сәтте жеткізілген Тауардың сыртқы түрін тексереді.

5.6. Егер тауар пайдалануға жарамсыз болса немесе сайттағы сипаттамаларға, атауға жәнесуреттемеге сәйкес келмесе, Сатып алушы жеткізу сәтінде Тапсырысты қабылдаудан бірденбас тартып және Тауарды Курьерлік қызмет өкіліне қайтара алады, ол қабылданбаған ТауардыСатушыға жеткізеді.

Егер қаптамасы, жарамдылық мерзімі және тауардың түрі дұрыс болса, онда тауар қайтаруғанемесе айырбастауға жатпайды. Сатып алушының жеке пікірі мен талғамына байланыстыөнімнің дәмі (мысалы, тәтті емес жүзім, қышқыл апельсин немесе сөлі аз қызанақ жәнебасқалар) сияқты сипаттамалар бойынша Тауар қайтарылмайды және айырбасталмайды. 

6. Дербес деректер
6.1. Сатып алушы осы Келісімшартқа қосылу фактісі Сауда платформасына Сатып алушының дербес деректерін төмендегі мақсаттармен байланысты Сатушыға және/немесе Банккежинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және беруге, сондай-ақ сайт модульдері арасында кез келген тәсілмен, оның ішінде байланыс қызметтерін (пошта, телефон, Интернет-байланыс,ұялы және басқа да байланыс түрлерін) ұсынатын тұлғалар арқылы трансшекаралық беругекелісім беріп отырғанымен келіседі және растайды:

6.1.1. Сайттың аспаптарын пайдалана отырып, Тапсырысты рәсімдеумен және/немесе Тауарды сатып алумен байланысты, соның ішінде Сатып алушы мен Сатушының өзара сату-сатып алу мәмілесін жасасу және орындау мақсатында;

6.1.2. Сатып алушының Тауарды қарыз қаражаттарының және/немесе Несие лимитінің есебінен сатып алу үшін Банкке өтінімді рәсімдеумен байланысты;

6.1.3. статистикалық немесе өзге маркетингілік және зерттеу мақсаттарында;

6.1.4. Сатып алушының Тауарларды сатып алу барысында Сатып алушы мен Сауда платформасының өзара және/немесе Сатушымен, және/немесе Банкімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етумен, соның ішінде Сатып алушы рәсімдеген Тапсырысты өңдеу, Банктің Тауарды сатып алу үшін Қарызды/Несие лимитін қарастыру, рәсімдеу, беру үшін, аталған тұлғалардың Тауарды сатып алумен, Қарызды/Несие лимитін алумен, Тауардың ақысын төлеумен/ақшаны қайтарумен байланысты туындайтын/туындаған шарттарды, құқықтар мен міндеттемелерді орындау үшін бір-бірімен қатынасуы үшін, Сатып алушының Тауарлар және/немесе Сатушылар туралы пікірлерді орналастыру, Сатып алушыны науқандарда сәйкестендіру және басқ. үшін;

6.1.5. Сауда платформасының қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген талаптардыорындауымен байланысты.

6.2. Сатып алушының оның дербес деректерін жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға жәнеберуге, оның ішінде дербес деректерін трансшекаралық беруге келісімін Сатып алушы тауарды сатып алу-сату мәмілесінің қолданылу мерзімін қамтитын жиынтық кезеңнен кемемес мерзімге және сатып алу-сату мәмілелерінің және оларға ілеспе құжаттар мен ақпараттыңжасалуы мен орындалуын растайтын құжаттар мен ақпаратты сақтау үшін ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген мерзімге берген болып есептеледі. Сатып алушының дербес деректерді жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және беруге келісімінкері қайтарып алуы тиісті Тапсырысты орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарламаболып есептеледі және оны орындаудың мүмкін болмауына әкеп соқтырады.

6.3. Егер Тауарды түпкілікті алушы Сатып алушыдан өзгеше болса, Сатып алушы тауарды түпкілікті алушыдан Тауарды түпкілікті алушының дербес және Биометриялық деректерінСайттың модульдерінің арасында Сауда платформасымен жинауға сақтауға, өңдеуге,пайдалануға, беруге, оның ішінде трансшекаралық беруге, сондай-ақ Тауарды түпкілікті алушының дербес және Биометриялық деректерін Сатушыға және / немесе Банкке беруге келісімін алу міндеттемесі мен жауапкершілігін атқарады.

6.4. Сауда платформасы Келісімшарттың осы бабында айтылған мақсаттар үшін Сатыпалушылар мен Тауарды түпкілікті алушылардың дербес деректерінің мынадай санаттарын жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға және беруге, оның ішінде трансшекаралық беруге құқылы: тегі, есімі, әкесінің есімі, телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, жынысы, жасы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, төлем құралдарының деректері, сатып алынатын тауарлардың атауы мен саны, тұрғылықты қаласы және/немесе тұрғылықты мекенжайы, Тауар ақысының төлену күйі, Банктік қарыз шартының/ Жеке тұлғаға банктік қызмет көрсетудің кешендік келісімшартының деректері, соның ішінде Қарыздың/Несие лимитінің сомасы мен мерзімі.

6.5. Сауда платформасы Сайт арқылы алынған дербес деректер субъектілері ұсынатынмәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын тексермейді және, әдетте, тексеруге мүмкіндігі жоқ.Сауда платформасы дербес деректер субъектілері ақылға қонымды және адал әрекет ете отырып, сенімді және жеткілікті дербес деректерді ұсынып, оларды өзекті күйдеұстайтындығына негізделеді.

7. Зияткерлік меншік құқығы
7.1. Сайтта қамтылған кез келген объектілер, оның ішінде дизайн элементтері, мәтін,графикалық кескіндер, иллюстрациялар, дерекқорлар және басқа да объектілер (бұдан әрі – Сайттың мазмұны), сондай-ақ Сайтта орналастырылған кез келген контент Саудаплатформасының немесе басқа құқық иеленушілердің айрықша құқықтарының объектілеріболып табылады.

7.2. Сайттың мазмұнын, сондай-ақ Сайттың кез-келген басқа элементтерін пайдалану Сайтұсынатын функционалдылық аясында ғана мүмкін болады. Авторлық құқық иесінің алдын ала рұқсатынсыз Сайттың ешқандай элементтерін басқаша пайдалануға болмайды.

7.3. Сайттан кез келген материалдарды немесе ақпаратты қолмен немесе автоматты түрде(автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалана отырып) пайдалануға, таратуға, көшіругежәне/немесе алуға жол берілмейді. Сайт ақпаратын кез-келген ұқсас пайдалану, тарату, көшірузаңсыз болып табылады және Сауда платформасы мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы әркет ету құқығын өзіне қалдырады.

7.4. Сайтқа қандай да бір Пікірлер қосу/жүктеу кезінде Сатып алушы өзі орналастыратынпікірдің мазмұнының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін, оның ішінде пікірлердің мазмұны үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның ішіндеавторлардың жеке мүліктік емес құқықтарын, үшінші тұлғалардың өзге де зияткерлікқұқықтарын бұзған және/ немесе оларға тиесілі материалдық емес игіліктерге қол сұққан жағдайда жаупкершілікте болады.

Сайтты пайдалану кезінде Сатып алушының заңсыз, жала жабатын, үшінші тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын, әлеуметтік, ұлтаралық, нәсіларалық алауыздықтықоздыратын, зияткерлік меншік құқықтары мен авторлық құқықтарды бұзатын пікірлерқалдыруға құқы жоқ.

7.5. Сатып алушы Сайтта пікірлерді орналастыруға байланысты барлық тәуекелдерді өз бетінше бағалауы тиіс екенін мойындайды және келіседі, сондай-ақ Сатып алушы Сайтта қалдырған пікірлерге байланысты Сауда платформасына қандай да бір шағымдар қойылғанжағдайда Сауда платформасының барлық шығындарын өтеуге міндеттенеді.

7.6. Сатып алушы Сауда платформасына Сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Саудаплатформасының заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру, оның ішінде тиістіобъектілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ маркетингілік мақсаттарда Сатып алушы жүктейтін пікірлерді кез келген тәсілменпайдаланудың барлық жерде қолданылатын мерзімсіз және өтеусіз құқығын береді. Осытармаққа сәйкес Сатып алушы Сауда платформасына берген пікірлерді пайдалану құқығы, сонымен бірге Сатып алушылардан пікірлер нысанында алынған ақпаратты модерациялаужәне Сауда платформасы Сайтта олардың кез келгенін (пікірлерін) жариялау туралы шешімқабылдау құқығын қамтиды.

8. Өзге шарттар
8.1. Осы Келісімшарттың Тараптары Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ҚазақстанРеспубликасы заңнамасының талаптарын сақтауға, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға байланысты туындайтын тәуекелдерді тиісіншебасқаруды және жоғарыда көрсетілген міндеттердің іске асырылуына тұрақты мониторингтіжүзеге асыруға міндетті. Келісімшарт тарапы Сайтты пайдалану кезінде, сондай-ақ Сайттыпайдалануға, тапсырысты рәсімдеуге/орындауға, Тауарды сатып алу-сату мәмілелерінорындауға, заңсыз қаржылық қызметке, ақша қаражатын заңдастыруға және терроризмдіқаржыландыруға және әкімшілік және/немесе қылмыстық жазалануы мүмкін, сотталқылауының нысанасы болып табылуы және/немесе Сауда платформасы және/немесе Банкүшін іскерлік беделін жоғалту қаупін тудыратын басқа кез келген заңсыз операцияларға тікелей немесе жанама жәрдемдесуге байланысты кез келген әрекеттерді орындау кезінде Сайтты пайдаланбауға міндетті. Сатушылар Сауда платформасына оның сұрауы бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдіқаржыландыруға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін растау үшінқажетті кез келген ақпаратты беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген талаптардыорындамау Сауда платформасының осындай Сатушымен ынтымақтастықты тоқтатуына әкепсоқтыруы мүмкін.

8.2. Сатып алушы өзі таңдаған есептік жазбаға қол жеткізу құралдарының қауіпсіздігі(болжауға тұрақтылығы) үшін өзі жауапты болады, сондай-ақ есептік жазбаға қол жеткізуқұралдарының, PIN-кодтардың, төлем (кредиттік) карталарының нөмірлерінің, парольдердің,паспорттық және өзге де деректердің құпиялылығын өзі қамтамасыз етеді. Сатып алушы Сатып алушының есептік жазбасымен Сауда платформасының сайты мен сервистерініңфункционалы шеңберінде немесе оны пайдаланумен жасалған барлық іс-әрекеттер (сондай-ақ олардың салдары) үшін өзі жауапты болады. Сатып алушы кез келген шарттармен (оныңішінде шарттар немесе келісімдер бойынша) Сатып алушының есептік жазбасына қол жеткізуүшін деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді. Бұл ретте Сайттың және/немесеСауда платформасы сервистерінің функционалы шеңберінде немесе оларды пайдаланылаотырып, Сатып алушының есептік жазбасымен орындаған барлық іс-әрекеттерді Сатыпалушының өзі жасаған болып есептеледі.

8.3. Сатып алушы Сатып алушының есептік жазбасын пайдалана отырып, Сайтқа рұқсатсыз(Сатып алушы рұқсат етпеген) кірудің кез келген жағдайы туралы және/немесе өзінің есептік жазбаға кіру құралдарының құпиялылығын бұзғаны (бұзғаны туралы күдік) туралы Саудаплатформасына дереу хабарлауға міндетті. Қауіпсіздік мақсатында Сатып алушы Сайтпенжұмыс істеудің әрбір сессиясы аяқталғаннан кейін өз есептік жазбасымен жұмысты қауіпсізаяқтауды дербес жүзеге асыруға міндетті. Сауда платформасы Сатып алушының Келісімшарттың 8.2, 8.3 тармақтарының ережелерін бұзуына байланысты орын алуы мүмкінкез-келген сипаттағы салдарға жауап бермейді.

8.4. Тапсырыс берілгеннен кейін Сатып алушы Тауарды алу тәсілін өзгерте алмайды, жеткізуқызметтері үшін төленген сома Сатып алушыға қайтарылмайды, қызметтер тиісті түрдекөрсетілген болып саналады.

8.5. Тауарды Сауда платформасында сатып алғаны үшін бонустар есептеу көзделген жағдайда,бонустар Сатып алушыға Тауарды жеткізген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткен соң және сатып алынған Тауарды Сатып алушы қандай да бір себептермен Сатушығақайтармаған жағдайда ғана есептеледі. 

8.6. Сайттан кез келген материалдарды немесе ақпаратты қолмен немесе автоматты түрде(автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалана отырып) пайдалануға, таратуға, көшіругежәне/немесе алуға жол берілмейді. Сайт ақпаратын кез-келген ұқсас пайдалану, тарату, көшірузаңсыз болып табылады және Сауда платформасы мұндай заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға құқылы.

8.7. Келісімшарт тараптары Сауда платформасы Келісімшарт тараптарына (Сатып алушыларға да, Сатушыларға да) ақпараттық және жарнамалық хабарламалар, оның ішінде сайтқұралдарын, SMS-хабарламаларды, электрондық хабарламаларды, байланыстың өзге де түрлерін пайдалана отырып жіберуге құқылы екендігімен келісетіндігін растайды.Келісімшарттың Тараптарына көрсетілген ақпаратты ұсыну олардың Сайттың сервистерінпайдалануы үшін қажет. Егер Сатып алушы немесе Сатушы осы тармақшаның шарттарыменкеліспесе, ол Сауда платформасының сервистерін пайдаланудан бас тартуы тиіс.

8.8. Сауда платформасы өз қалауы бойынша Сатып алушының есептік жазбасын бұғаттауғанемесе жоюға, сондай-ақ Сатып алушының Сайтқа және оның функционалына кіруіне, оныңішінде Сатып алушы осы Келісімшартты немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағызаңнамасын бұзған жағдайда тыйым салуға құқылы.

8.9. Сатып алушының Сайттағы өз есептік жазбасын алып тастауына қарамастан, Сатыпалушының Сауда платформасына қатысты барлық міндеттемелері, оның ішінде қолданыстағытапсырыстар, сондай-ақ Сайттың функционалы арқылы жүзеге асырылған Саудаплатформасының қызметтері мен қызметтеріне қатысты кез келген басқа сұрау салулар, егерСауда платформасы Сатып алушыны осы міндеттемелерден тікелей босатпаса, Сатып алушыоларды толық орындағанға дейін күшінде қалады.

8.10. Егер Сатып алушы тапсырыстардың күшін бірнеше рет жойса, тиісті сападағы Тауардықабылдаудан бас тартса не осы Келісімшартты немесе Сайтта жарияланған өзге де ережелердібұзса, Сауда платформасы мұндай Сатып алушы үшін Сайттың функционалын пайдаланушарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

8.11. Келісімшарт Сатып алушы мен Сатушы үшін Тараптың қосылу сәтінде, осы Келісімшарттың соған сәйкес 2.2 және 2.3 тармақтарымен көзделген тәртіппен күшіне енеді.

8.12. Сауда платформасы осы Келісімшартқа кез келген уақытта өз қалауы бойынша (біржақты тәртіппен) өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізіп отыруға құқылы. Өзгертілген/толықтырылған Келісімшарттың мәтінін Сауда платформасы Сайтта орналастырады және мұндай орналастыру сәтінде күшіне енеді.

8.13. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімшарттың бір немесе бірнеше ережелеріжарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімшарттың қалған ережелерініңжарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

8.14. Осы Келісімшарт бойынша кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер арқылы шешеді. Келіссөздерді жүргізу мүмкін болмаған немесе дауларды, кереғарлықтар мен келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған сот тәртібімен, Сауда платформасының орналасқан жері бойынша сотта шешіледі.

8.15. Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеліп пайымдалады.